Шетелде қазақстандық ЖОО-лардың филиалдары ашылады

Шетелде қазақстандық ЖОО-лардың филиалдары ашылады
Сурет: Elorda.info

Бірыңғай Орталық Азиялық жоғары білім кеңістігі құрылмақ.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы мәселеге тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазақстандық жоғары оқу орындарының экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында шетелде филиалдар ашылады. Бірыңғай Орталық Азиялық жоғары білім кеңістігін құру бойынша жұмыс жалғасады», - деді С. Нұрбек.

Оның айтуынша, серіктестермен бірлесіп, Қазақстан платформасында Орталық Азия елдерінің өзара іс-қимыл бюросын құру мәселесі пысықталуда.

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді интернационалдандыру бойынша барлық бастамалар қазақстандық «Интеллектуалдық Жібек жолы» халықаралық бастамасының негізі болады», - деді министр.