Қ.К. Тоқаев: Жұмысқа ықыласы жоқ шенеуніктер кетуі керек

Қ.К. Тоқаев:  Жұмысқа ықыласы жоқ шенеуніктер кетуі керек
Сурет: Rus.azattyq-ruhy.kz

Енді қол қусырып, түк бітірмейтін шенділер орынтақтарымен қоштаспақ

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жиынында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Жұмысқа ықыласы жоқ кейбір шенеуніктер жылдар бойы мардымды ешнәрсе бітірмей, кабинеттерінде отырды. Олар бастамашыл жастардың өсуіне жол бермейді.

Мемлекеттік органдардың басшылары халықпен тілдесуді білмейді, тіптен қорқады да. Сөйтіп, олар мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Мұндай шенеуніктермен қоштасудың кезі келді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысында осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелері үнемі аймақтарға шығуды, ал әкімдерге әрбір елді мекеннің халқымен жиі кездесуді тапсырды.

Осылайша Президент мемлекет пен халықтың өзара қатынасын түбегейлі өзгерту керегін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық сарапшылармен кеңесе отырып, қыркүйектегі жолдауында саяси реформалардың жаңа пакетін ұсынатынын жеткізді.