Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды

Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды
Сурет: Ашық дереккөзі

Жекпе-жек 15 қаңтарға ауызша келісілген

Қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) UFC-дегі келесі жекпе-жегін 15 қаңтарда өткізеді, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ESPN журналисі Бретта Окамотоның мәліметінше, 27 жастағы Рахмоновтың қарсыласы 32 жастағы америкалық Джефф Нил (15-4) болады.

"Дереккөздер ақпаратына сүйенсек, Джефф Нил мен Шавкат Рахмонов арасындағы жекпе-жек 15 қаңтарға ауызша келісілген. Рейтингтің алтыншы және оныншы нөмірі жартылай орта салмақта үш раундтық жекпе-жек өткізеді", - деп жазды Окамото Twitter-парақшасында.

Рахмонов кейінгі жекпе-жегінде америкалық Нил Мэгниді жеңген болатын.