Шаруаларды инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді

Шаруаларды инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді
Сурет: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында агроғылымды дамыту жөнінде тапсырмалар берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Президент ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керегін жеткізді.

«Сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.