Шанхайда қатаң карантин енгізілді

Шанхайда қатаң карантин енгізілді
Сурет: Yamal-media.ru

Ең қарқынды карантин болмақ.

Қытайдың Шанхай қаласында COVID-19 жұқтырғандар санының өсуін тежеу мақсатында қатаң карантин енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сілтеме жасап.

Шанхайдағы шектеулер  екі кезеңге бөлінеді және 2019 жылы коронавирус анықталған Уханьдағы карантиннен кейінгі Қытайдағы ең қарқынды карантин болады.

Бірінші кезеңде Шанхайдың Пудун экономикалық ауданы мен оның маңындағы аудандар дүйсенбіден жұмаға дейін жабылады. Карантинның екінші кезеңі жұма күні, Хуанпу өзенінің батысындағы Шанхайдың орталық бөлігі жабылғанда басталады. 

Осы уақытта тұрғындардың үйде болуы абзал, кеңселер мен маңызды деп саналмайтын кәсіпорындар жабылады, қоғамдық көліктер тоқтатылады. Сондай-ақ карантин кезінде қала COVID-19-ға жаппай тестілеуден өтеді.