Шалғайдағы ауыл тұрғындарын ғаламтормен қамтамасыз етудің таптырмас тәсілі табылды

Шалғайдағы ауыл тұрғындарын ғаламтормен қамтамасыз етудің таптырмас тәсілі табылды
Сурет: 24.kz

Тағы бір британдық компания мобильді интернетпен қамтамасыз етудің жаңа жолын ойлап тапты.

Жоба Барселонадағы көрмеде таныстырылды. Интернет станция ретінде әуе шарлары қолданылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Оған 130 шақырым жердегі кез келген адам қосыла алады. Бір әуе шары жердегі 10 ұялы телефон станциясын ауыстыра алады. Мамандар бұл - шалғайдағы ауыл тұрғындарын, ғаламтормен қамтамсыз етудің таптырмас тәсілі дейді.

«Жер шарымызда 2,5 миллиард адам интернетке қосылмаған. Яғни олардың ғаламтор арқылы білім алып, жұмыс істеп, сауда-саттық жасау мүмкінді жоқ. Біз әуе шаралары арқылы осы мәселені шешуге күш салсақ деген ниеттеміз. Желіні алғаш рет Занзибарда сынап тексердік. Енді дамушы елдерде қолдануды жоспарлап отырмыз», - дейді «World Mobile»компаниясының бас директоры Микки Уоткинс.