«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Игорь Солошенко 1996-2013 жылдарда кәсіби футболда қазақстандық «Шахтер», «Жеңіс», «Тобыл», «Ертіс», «Оқжетпес», «Ақжайық» командаларында қорғаушы міндетін атқарды.

Ұлттық құрама сапында 1998-2005 жылдарда ел намысын қорғады.

2015 жылдан бері «Шахтер» сапында спорт директоры қызметін атқарса, одан кейін бапкер болды. 2020-2023 жылдарда «Шахтер-Болат» клубында бас бапкер қызметінде еңбек етті.

Өткен жылдан бері «Шахтердің» тізгінін ұстады. Былтыр ел біріншілігінде команда 11-орынға тұрақтап, Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды.