Шахтада қаза болғандар саны 21-ге жетті

Шахтада қаза болғандар саны 21-ге  жетті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұдан бұрын 16 кеншінің денесі табылғанын хабарлағанбыз.

Компанияның мәлімдеуінше, әлі де іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Cағат 12-дегі мәлімет  бойынша:

21 шахтердің денесі табылған;

Жер астында 23 кенші қалған;

Сыртқа 252 шахтердің 208-і шығарылған.

17-і ауруханаға жатқызылған, біреуі амбулаторлық емдеуге жіберілген.

"Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Штаб істеп тұр" деп хабарлады "АрселорМитталТеміртау" компанияның баспасөз қызметі.