«АрселорМиталл Теміртау» шетелдік инвесторларға беріле ме?

«АрселорМиталл Теміртау» шетелдік инвесторларға беріле ме?
Сурет: интернеттен

Әлеуметтік желілерде «АрселорМиталл Теміртау» АҚ-ны басқа шетелдік инвесторларға беру туралы ақпарат таралуда.

Үкіметтің баспсөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазіргі уақытта кәсіпорынды Қазақстан Республикасының пайдасына қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде. Үкімет «АМТ» АҚ-ны әрі қарай басқа шетелдік инвесторларға беру мәселесін қарастырып жатқан жоқ», делінген хабарламада.