Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?

Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Сурет: Ашық дереккөз

Күнтізбеде шілде айында Елорда күні мен Құрбан айт мерекесі бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» заңға сәйкес, мейрам күндері демалыс беріледі. 6 шілде, яғни Елорда күні сәрсенбіге сәйкес келіп тұр. Бұл күні демалыс болады.

Құрбан айт 9 шілдеге, сенбіге, келіп тұр. Құрбан айт діни мереке болғандықтан, ол күн сенбі не жексенбіге келсе де, қосымша бір күн демалыс берілмейді.

Жалпы, шілде айында қазақстандықтар сенбі, жексенбіні қоса алғанда 11 күн демалады.