Алатау ауданындағы "Шаңырақ-1" шағынауданында жаңа мектеп салынады

Алатау ауданындағы "Шаңырақ-1" шағынауданында жаңа мектеп салынады
Сурет: Almaty-akshamy

«Шаңырақ» балаларына мектеп салынады.

Алматы әкімі Ерболат Досаев "Шаңырақ-1" шағынауданында жаңа мектеп салынатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматының Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында аудан тұрғындары балаларға білім беретін мектеп құрылысы туралы сұрады.

"Шаңырақ-1" шағынауданында 41 мектеп өте кішкентай, жаңа мектеп салу сұрағын қарастырыңызшы»,- деп сұрады аудан тұрғыны.

Қала басшысы осы мақсатта жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«41 мектептің орнына жаңа мектеп саламыз. Жер сұрағы болды, Қорғаныс министрлігі ол жерді гвардияға берді. Менің тапсырмам бойынша ол жерді алғаннан кейін біз жаңа мектепті саламыз», - деді Ерболат Досаев.