Спорт залдары мен монша кешендерінде ұрлық жасауға дағдыланған қала тұрғыны ұсталды

Спорт залдары мен монша кешендерінде ұрлық жасауға дағдыланған қала тұрғыны ұсталды Сурет: Polisia.kz

Жеңіл жолмен ақша табуға әдеттенген жас жігіт қолға түсті


Алматыда спорт залдарының киім ауыстыратын бөлмелерінде жүрген ұры ұсталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Жеңіл ақшаны ұнататын 21 жастағы жігіт тек спорт залдары мен монша кешендерінің сөрелерінен ұрлық жасауға маманданған. Жас жігіт мекемелердің киім ауыстыратын бөлмелеріне кіріп, сөрелердің құлпын бұзып, сол жерден бағалы заттарды ұрлап кеткен.



«Күдіктіні біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Жеке тінту барысында одан заттай айғақтар табылды және тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу бөлімі ұсталған азаматтың осыған ұқсас 10 эпизодқа қатысы барын дәлелдеп отыр. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғанша бұл көрсеткіш артуы мүмкін. Күдікті тұлғаның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деп қорытындылады Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12