Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету кредиттік қаржыландыру тәсілімен қарастырылған

Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету кредиттік қаржыландыру тәсілімен қарастырылған
Сурет: Google.kz

Бизнес ашу үшін 1,2 млн теңгеден қайтарымсыз гранттар беріледі.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың сөзіне сәйкес, ШОБ «Алматы бизнес» қалалық бағдарламасы аясында жылдық 2%-бен қаржыландыру қарастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бизнес ашу үшін 1,2 млн теңгеден қайтарымсыз гранттар беріледі. Жастарды қолдау үшін Жастар практикасы бойынша жалақы 30-дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейіп, биыл 122,5 мың теңгені құрады.

Жалпы, 2022 жылы ауданда 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. 1-ші тоқсанның қорытындысы бойынша, жылдық жоспардың 63%-ы жұмыспен қамтылды. 3700 адамды Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру және 4 242 орынды жеке бастамалар есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.