Алатау ауданы үшін маңызды мәселе – әлеуметтік қолдау

Алатау ауданы үшін маңызды мәселе – әлеуметтік қолдау
Сурет: Almaty.tv

Бұдан бұрын сағат 15: 00-де Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуі өтетінін хабарлағанбыз.

Қала әкімінің айтуынша, аудан үшін маңызды мәселе – әлеуметтік қолдау, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қаладағы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үштен бірінен астамы - Алатау ауданында тұратын отбасылар. Осы жылдың 1-ші тоқсанында аудан бойынша 7 639 адам 232 млн теңгеге әлеуметтік көмек алды.

Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» және «Алатау аналары» қоры арқылы биыл 2 700 әйелдер мен көп балалы аналарға қолдау көрсетіледі.

«Шыңға өрлеу» жобасы бойынша тұрмысы төмен отбасылардың балаларына қосымша тегін білім беру үшін 502 бала қамтылады. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында 3 мың зейнеткер белсенді әлеуметтік өмірге тартылған.