Сейфуллин даңғылында орташа жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр

Сейфуллин даңғылында орташа жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр
almaty-akshamy.kz

Сейфуллин даңғылындағы жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін аяқталады

Биыл Сейфуллин даңғылының Алматы-1 теміржол вокзалынан Рысқұлов көшесіне дейінгі бөлігін орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда Алматы-1 темір жол вокзалынан  Жұмабаев көшесіне дейінгі бөлігінде полимерлі асфальтбетон жабынын төселіп,  көлік қозғалысы ашылды.

Ендігі бөлік – Жұмабаев көшесінен Ақан Сері көшесіне дейін. Аталнан учаскеде 8 тамыз сағ.23-00-ден 10 тамыз 07-00-ге дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады .

Жөндеу жұмыстарын Ақан Сері, Жансүгіров, Жұмабаев көшелері арқылы айналып өтуге болады. 
Сейфуллин даңғылын қиып өтетін Жұмабаев, Айбасов, Дулатов, Котельников, Ақан көшелерінде қозғалыс ашық болады. 

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін патрульдік полицияның 4 экипажы қызмет етеді.

 Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында,  Almaty_Joly (https://t.me/AlmatyJoly) телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Алматы қ. қалалық мобилділік басқармасы