Серік Сәпиев спорт саласындағы қызметін жалғастырмақ

Серік Сәпиев спорт саласындағы қызметін жалғастырмақ
Сурет: 365info.kz

Қызметінен кеткен боксшы пікір білдірді

Спорт және дене шынықтыру істер комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қызметінен босатылуына қатысты Instagram парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Достар! Мен Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен өз еркіммен кетуге шешім қабылдадым. Министрлікте жұмыс істеген жылдары маған көмектескен басшылар мен әріптестеріме алғыс айтамын! Алайда еліміздің спорт саласында еңбек ететін боламын», – деп жазады Серік Сәпиев өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, ел спортшылары Токио Олимпиадасында бірде-бір алтын медаль алмай, 8 қоламен шектелген еді. Осыдан кейін елде спорт саласындағы басшыларға қатысты наразылықтар көбейді. Бірақ Сәпиевке дейін бірде-біреуі өз орнын босатқан жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Серік Сәпиевтің қызметінен кеткенін хабарлаған болатынбыз.