Семсерлесуден Қазақстан командасы Каирге аттанатын құрамды жариялады

Семсерлесуден Қазақстан командасы Каирге аттанатын құрамды жариялады
Сурет: Olympic.kz

Семсерлесуден әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

15-23 шілде аралығында Мысыр астанасы әлем чемпионатын өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Федерацияның хабарлауынша, әлем чемпионатында келесі спортшылар өнер көрсетеді:

Семсермен семсерлесу, ерлер: Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Алексанин, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай.

Семсермен семсерлесу, әйелдер: София Николайчук.

Қылышпен семсерлесу, ерлер: Артем Саркисян, Назарбай Саттархан, Мұхаммед Әли Рахманәлі, Жанат Нәбиева.

Қылышпен семсерлесу, әйелдер: Татьяна Приходько, Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик.