"Омикронның" BA.4 жаңа штамы шықты

"Омикронның" BA.4 жаңа штамы шықты
news.myseldon.com

Бельгияда "омикрон" штамының Би-Эй-төрт ((BA.4)) деп аталған жаңа түрін жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Вирусологтардың мәліметінше, ол Валлония өңірінде анықталып, Брюссель университетінде зерттелді. Еске сала кетейік, "омикронның" Би-Эй-төрт және Би-Эй-бес түрлері Германия, Дания, Ұлыбритания және Оңтүстік Африкада тіркелген болатын. Ол бұл елдерде індеттің өршуіне және өлім-жітімнің көбеюіне әкелген жоқ.

Жалпы, Бельгия денсаулық министрлігінің мәлімдеуінше, соңғы аптада елде күн сайын шамамен 9 мыңдай науқас анықталып жатыр.