«Сайран» көлін тазарту жұмыстары жүріп жатыр

«Сайран» көлін тазарту жұмыстары жүріп жатыр
almaty-akshamy.kz

Жайлы қалалық ортаны дамыту шеңберінде "Ақсай-2" шағынауданындағы абаттандырылған сквердің үлгісі бойынша "Ақсай-4" шағынауданындағы скверді жөндеуді жоспарланып отыр. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Таугүл» шағынауданында демалысты тиімді өткізетін орындар болмағандықтан, Шалов бульварында көлік қозғалысын шектеп, заманауи жаяу жүргіншілер аймағын ұйымдастыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Жұмысты шілде айында басталып, жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Ақпан айынан  «Сайран» көлінің механикалық тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстар мамыр айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Көлдің түбін тазалағаннан кейін аумағын реконструкциялап, абаттандыру жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары тамыз айында басталып, 2024 жылдың III тоқсанында аяқталады.