Сауалнама жүргізіп, сан соғып қалмаңыз

Сауалнама жүргізіп, сан соғып қалмаңыз
Сурет: Egemen.kz

Сайлауға қатысты сауалнама жүргізген  блогерлер жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Жеке тұлғаларға олай жасауға болмайды. «Адал сайлау үшін» штабының мүшелері осылай деді. Заңгерлердің айтуынша, "Сайлау туралы" заңда көрсетілген нормалар тек мамандандырылған ұйымдарға ғана сауалнама өткізуге рұқсат береді. Орталық сайлау комиссиясын ескертпей жүргізілген әлеуметтік зерттеулер заңсыз деп саналады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

"Олардың нәтижесін жариялау да заңға қайшы. Сондықтан миллиондаған оқырманы бар блогерлер өз парақшасында сауалнама өтзіп, нәтижесін жарияласа, ол әлеуметтік зерттеу деп бағалануы мүмкін. Сәйкесінше, мұндай әрекеттер «Сайлау туралы» заңға қайшы", - дейді заңгер. Заңды бұзғандарға 30 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл салынады.

«Заңды тұлға өткізу керек. Сауалнаманы жеке тұлға өткізе алмайды. Екіншіден, ол кез келген заңды тұлға емес. Оның бес жылдық тәжірибесі болу керек осы салада. Яғни, сауалнаманы 1-2 жыл тәжірбесі бар заңды тұлға өткізе алмайды. Одан кейін осы заңды тұлғаның тәжірибесі бар тиісті қызметкерлері болу керек. Осының барлығын растайтын олар құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына тапсырады, өздерінің жазбаша хабарламасында», - дейді  «Адал сайлау үшін» Республикалық қоғамдық штабының мүшесі, заңгер Думан Жампейісов.