Саят Медеуов көлік апатына ұшырап, жансақтау бөліміне түсті

Саят Медеуов көлік апатына ұшырап, жансақтау бөліміне түсті
Сурет: Vk.com

Әзірге жол апатының қашан және қай жерде болғандығы туралы дерек жоқ.

Әнші Саят Медеуов жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл ақпаратты композитор, әнші Ербол Спаналиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Aikyn.kz сілтеме жасап.

 «Саят бауырымыз жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Алладан дұға тілеп қойыңыздаршы, ағайын. Аман-есен ортамызға орал, бауырым!» – деп жазды Ербол Спаналиев.

Одан бөлек, композитор Рүстем Арсланов та желідегі парақшасында әншінің аман-есен сауығып кетуін тілеп жазған.