Саяси партиялардың өкілдері арнайы оқу курсынан өтуде

Саяси партиялардың өкілдері арнайы оқу курсынан өтуде
Сурет: Gov.kz

Саяси партиялардың өкілдері «Сайлау барысына қажетті теория мен тәжірибе» тақырыбында арнайы оқу курсынан өтуде.

Орталық сайлау комиссиясы жанындағы электоралды оқыту орталығы ұйымдастырған шараға елімізде тіркелген барлық партияның өкілдері қатысуда. Олар мұнда біліктілігін арттырып қана қоймай, сайлауды өткізудің біртұтас үлгісін қалыптастыруды меңгереді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24 сағаттық семинар партия өкілдеріне өз құқықтары мен міндеттерін толық түсінуге мүмкіндік бермек.

 «Сайлау басталғаннан бері тіркелу мәселесі, одан кейін сайлауалды үгіт-насихатты жүргізу, және сайлау барысында байқаушы ретінде қатысу мәселелеріне баса назар аударамыз. Өйткені кей жағдайда осы мәселелерді заң жүзінде жүзеге асыру қиындық тудырып жатады»,- дейді ҚР ОСК электоратты оқытуды ұйымдастыру бөлімінің маманы Түсіп Рысбеков.