Сауда ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы қоңырау түскен

Сауда ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы қоңырау түскен
сурет: Adyrna.kz

Бұл орталыққа осымен төртінші мәрте «бомба қойылды» 

Алматыда сауда ойын-сауық орталықтарының біріне бомба қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, сауда ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы қоңырау 102 пультіне бүгін түскен.

«Сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі, күзет қызметі және құқық қорғау органдары жалға алушылар мен келушілерді эвакуациялау үшін, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының іс-шараларды одан әрі жүзеге асыруы үшін тиісті сценарий әзірледі. Қысқа мерзімде қабылданған іс-шаралар нәтижесінде хабарламаның жалған екендігі анықталды», - деп хабарлады ведомстводан.

Алматы полициясы тұрғындарды жүргізіліп жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады. Бұған дейін «MOSKVA metropolitan» сауда ойын-сауық орталығының келушілері эвакуацияланғанын жазған болтынбыз. Айта кетейік, аталған орталыққа «бомба қойылды» деген ақпарат маусым айынан бері төртінші рет тарады.