Сапалы білім үшін вакцинадан бас тартпа!

Сапалы білім үшін вакцинадан бас тартпа!
Сурет: Аuditoriya.vogu35.ru

Мен екпе алдым!


Жаңа оқу жылы жақындаған сайын  оқушылар дәстүрлі форматта оқи ма, әлде тағы онлайн бола ма деген сұрақ көпшілікті алаңдатуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Елдегі коронавирус індеті өршіп тұрған шақта оффлайн оқудың қаупін де ойлап отырғандар аз емес. Бірақ білім саласының онлайнға көшуі білімнің сапасының кемуіне алып келетіні бесенеден белгілі. Енді қайтпек керек? Жаппай ауырып қалудан, адам шығынынан сақтанудың жалғыз ғана жолы – екпе салдыру болып тұр. 

Балаларының сапалы білім алуын, дәстүрлі форматта оқып, партаға оралуын қалайтын ата-атаның таңдауы – вакцина алу. Осы орайда еліміздегі жоғарғы оқу орнында оқитын студенттердің ата-аналары халықты екпе салдыруға үндеп отыр.