«Йота» штамының өлімді 82%-ға арттыратыны анықталды

«Йота»  штамының өлімді 82%-ға арттыратыны анықталды
Сурет: Gazeta.ru

«Йота» бұрын вирус жұқтырған адамдардың 10%-ның иммунитетін айналып өтті.

Нью -Йорктің денсаулық сақтау және психикалық гигиена департаментінің және Колумбия университеті қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің эпидемиология бөлімінің ғалымдар тобы Нью-Йоркте табылған «йота» коронавирусының штамы егде жастағы адамдардың өлімін 82%-ға арттыратынын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Ведомости» басылымына сілтеме жасап.

"Йота" штамын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мен АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) «қызығушылық нұсқасы» ретінде талдаған.

 Зерттеу үшін ғалымдар Нью-Йоркте жиналған тоғыз эпидемиологиялық және популяциялық деректер жиынтығын, сондай-ақ «йота» штамының өткізгіштігінің, иммундық потенциалының және өлім қаупінің өзгеруін бағалау үшін күрделі модельдеуді қолданды.

Ғалымдар бұл штамның жұғу жылдамдығы алдыңғы нұсқаларына қарағанда 15-25% жоғары екенін анықтады. "Йота" бұрын вирус жұқтырған адамдардың 10% иммунитетін айналып өтті. Сондай-ақ, осы штамның кесірінен ересектер арасында өлім-жітім көбейді. Нақты айтқанда, өлім көрсеткіші 45-64 жастағы адамдар арасында 46%-ға, 65-74 жастағылар арасында 82%-ға және 75 жастан асқан адамдарда 62%-ға артқан.

Аталған штамм өткен жылдың қараша айында Нью-Йоркте анықталған.