Салық өтініштерінің кейбір нысандары өзгерді

Салық өтініштерінің кейбір нысандары өзгерді
Сурет: ашық дереккөз
Қаржы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы "Салық өтініштерінің нысандарын бекіту туралы" бұйрығына енгізілген өзгертулер күшіне ене бастады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, салық өтініштерінің мынадай нысандары бойынша өзгерістер енгізілді:

  • салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркеуі жарамсыз деп танылған салық төлеушілерге салық есептілігін кері қайтарып алуға мүмкіндік берілді;
  • салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініш, салықтық өтініш нысаны оңайлатылды.

Бұйрық 2023 жылғы 2 желтоқсанда күшіне енді.