Салах сұрмерген атанды

Салах сұрмерген атанды
Сурет: ашық дереккөз

Мохамед Салах «Ливерпуль» тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. 

Мысырлық Мохамед Салах ағылшындық «Ливерпуль» тарихында ең сұрмерген ойыншы атанды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, М.Салах Англия Премьер-лигасының 26-турында «Манчестер Юнайтед» клубымен матчта қос голдың авторы атанды.

Осылайша, мысырлық шабуылшы Англия чемпионатындағы 128-інші және 129-голын соғып, атақты футболшы Робби Фаулерді басып озды.

Аталмыш ойында Салахтан басқа Коди Гакпо мен Дарвин Нуньес екі-екіден гол соқса, Роберто Фирмино матч нүктесін қойды. Сөйтіп, германиялық маман Юрген Клоптың шәкірттері 7:0 есебімен жеңіске жетті.

Англия біріншілігінде лондондық «Арсенал» 63 ұпаймен көш бастаса, «Манчестер Сити» (58 ұпай) екінші, «Манчестер Юнайтед» (49) үшінші орында. «Ливерпуль» 42 ұпай жинап, бесінші сатыға көтерілді.