Міндетті бейнебақылау ережелері қабылданды

Міндетті бейнебақылау ережелері қабылданды
Сурет: Оrtcom.kz

Бейнебақылау жүйесі тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін болдырмауға көмектеседі.

Бұдан былай полиция ғимараттары, тергеу изоляторлар мен түрмелерде бейнебақылау жүйесі орнатылуы қажет, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz бас прокуратураға сілтеме жасап.

"Бейнебақылау жүйелері жеке гигиена орындарын қоспағанда, келушілердің жүру маршруттары мен режимдік кабинеттерді де қамтиды. Нақты уақыт режимінде бейнежазбаларды қашықтан қарауға және бұзушылықтардың жолын кесу жөнінде жедел шаралар қабылдауға құқығы бар адамдардың тізбесі қалыптастырылды", - делінген ресми хабарламада.

Бұл шаралар азаптауға қарсы халықаралық актілерге сәйкес келеді. Оған Қазақстан да қосылған. Бейнебақылау жүйесі тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін болдырмауға көмектеседі.

Бейнежазбаларды адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, сот және басқа органдар дәлел ретінде пайдалана алады. Ал орган басшылары бейнебақылау жүйелерінің жарамдылық жай-күйін қамтамасыз етуге және бейне архивтің сақталуына тікелей жауапты болады.