Роза Рымбаева мен Иманбек «Наурыз-думан» әнінің ремиксін шығарды

Роза Рымбаева мен Иманбек «Наурыз-думан» әнінің ремиксін шығарды
Cурет: Tengrinews.kz

Роза Рымбаева Иманбекпен ынтымақтастық орнатқаны туралы айтты

Халық әртісі Роза Рымбаева жас әншілерді, музыканттарды қолдауға әрқашан дайын екенін мәлімдеп, адамдарды мейірімділік пен бірлікке шақырды
Белгілі әнші Роза Рымбаева Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтап, Иманбек екеуі шығарған ремиксті жұрт назарына ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Роза Рымбаева Иманбекпен ынтымақтастық орнатқаны туралы айтты.

«Сіздер үшін жақсы жаңалығым бар. Кім не десе де, мен еліміздің эстрадасында болып жатқан өзгерістерге үлкен мақтанышпен қарап, әрқашанда жас әншілерді, музыканттарды қолдауға дайынмын. Біз Иманбек екеуміз бірігіп, «Наурыз-думан» әнінің ремиксін халықтың назарына ұсындық. Меніңше серіктестігіміз сәтті шықты. Сіздерге де ұнайды деген сенімдемін!» - деп жазды Рымбаева.

Ол адамдарды осындай тынышсыз заманда бір-біріне қамқор болуға, мейірімділік көрсетіп, өкпе-реніштерге жол бермеуге шақырды және «Береке көзі – бірлікте» екенін еске салды.