Роналду жаңа клубқа ресми түрде таныстырылды

Роналду жаңа клубқа ресми түрде таныстырылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Тұсаукесер Эр-Риядтағы Ханзада Фейсал бин Фахд атындағы стадионда өтті

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы португалиялық футболшы Криштиану Роналдуды таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Тұсаукесер Эр-Риядтағы Ханзада Фейсал бин Фахд атындағы стадионда өтті.

Еске сала кетсек, 37 жастағы Криштиану Роналду «Аль-Наср» клубымен екі жылдық келісімшартқа отырған.

«Аль-Насрмен» келісім-шартқа сәйкес, Роналду жылына 200 млн еуро табыс тауып, футбол тарихындағы ең көп жалақы алатын ойыншы болады, деп жазды Sports.kz.

Жақында Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатында Роналду сәтсіз өнер көрсеткен: ол бес матчта бір ғана гол соғып, екі ойынды орындықта отырып бастады. Португалия құрамасының турнирдегі өнеріне келсек, ширек финалда ол Марокко құрамасынан 0:1 есебімен ұтылып қалды.