Рыбакина Дубайдағы командалық турнирдің жеңімпазы атанды

Рыбакина Дубайдағы командалық турнирдің жеңімпазы атанды
Суреттер: Google.com

Жеңімпазға жүйрік жетпейді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өткен World Tennis League (WTL) командалық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина «Қаршығалар» (Hawks) тобында өнер көрсетті.

Бұл топта сондай-ақ Александр Зверев, Доминик Тим және Анастасия Павлюченкова ойнады.

Жарыс барысында қазақстандық теннисші қарсыластарының бәрін де ұтты. Соның ішінде әлемнің бірінші ракеткасы, поляк қызы Ига Свентек те бар.

Енді Елена Рыбакина жаңа жылдағы додаларға қатысу үшін Аустралияға жол тартады.