Республикалық маңызы бар 6 облыстың жолы жабық

Республикалық маңызы бар 6 облыстың жолы жабық
Сурет: интернеттен

Ұзындығы 613 км жолдағы қозғалысқа шектеу қойылды.

2024 жылғы 11 сәуірдегі сағат 18:00 мәлімет бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8580 метр болатын су тасқыны орын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 613 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 726 бірлік техника мен 1729 адам жұмылдырылған.