Елімізде әрбір үшінші қызметкер қолайсыз еңбек жағдайында жұмыс істейді

Елімізде әрбір үшінші қызметкер қолайсыз еңбек жағдайында жұмыс істейді
Сурет: Almaty-akshamy.kz коллажы

Бұл кәсіпорындарды іріктеп зерттеу нәтижелерінен шыққан тұжырым.

Мониторинг жұмыспен қамтылған халықтың шамамен 20%-ын және сауда мен білім беруден басқа барлық негізгі салаларды қамтыды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша, Қазақстанда әрбір үшінші қызметкер қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Дәлірек айтсақ, 2023 жылы тексерілген кәсіпорындардың жалпы тізімдегі қызметкерінің 30,7%-ы қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс жасайды (1,7 млн адамның 519,4-і). Бұл бес жыл бұрынғыдан 2,9 п.т. артық.

Әрине, ең жоғары көрсеткіш өнеркәсіп (50,5%), көлік және қоймалау (39,3%) салаларында байқалатыны таңғаларлық жайт емес. Ал тұру және тамақтану қызметтері (2,9%), ақпарат және байланыс (2,1%) салаларында көрсеткіш нөлге жақын.

Өңірлердің ішінде Маңғыстау (59%) және Қарағанды (55,9%) облыстарында көбірек. Ең азы - Алматы (14%) және Қызылорда (13,6%) облыстарында.