Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі оқушылар емтихандар мен сынақтардан босатылды

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі оқушылар емтихандар мен сынақтардан босатылды
Сурет: Astanatv.kz

Атырау мен Ақтөбе облысындағы оқушылар үшін БЖБ мен ТЖБ алынып тасталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады. 

«Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингінен Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан 28 мектеп босатылды. Алты өңірде (Ақмола, Атырау, Ақтөбе, СҚО, Қостанай және БҚО) мониторинг 15 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды. Қалған өңірлерде оқу штаттық режимде жүргізілуде», - деді деді ведомствоның ресми өкілі.

Министрлік оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Эвакуациялық пункттердегі балаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 2393 бала оқу процесін ұйымдастырумен бірге орналастырылды. Атап айтқанда, бастауыш сынып оқушылары сауықтыру орталықтарына ата-аналарымен бірге жіберіледі. Орта буындағы оқушылар республикалық маңыздағы инновациялық мектеп лицейлердің («Дарын», РФММ, БИЛ және НЗМ) жатақханаларына, жоғарғы сынып оқушылары (9-11 сыныптар) уақытша колледждерге орналастырылады.