Ресейде COVID-19 -ды емдейтін дәрі әзірленді

Ресейде COVID-19 -ды емдейтін дәрі әзірленді
Сурет: Gazeta.ru

Аталған препарат 12 қарашада тіркелген.

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 препаратын әзірлеудің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко мәлімдеді.

Оның айтуынша, әлемнің бірде-бір елінде коронавирусты емдейтін дәрі жоқ. Министр Ресейде жасалған препарат инфекцияның бастапқы кезеңінде COVID-19 ағымын тоқтата алатынын атап өтті.

«Ресейде коронавирусты емдеуге арналған алғашқы отандық дәрі 12 қарашада тіркелді —  ол Арепливир деп аталады, жыл соңына дейін препарат ауруханаларға жеткізіледі» , -деді  Михаил Мурашко.

«Promomed» әзірлеуші ​​компаниясы ұнтақ суда ерімейтініне қарамастан, фарапиравирдің инъекциялық түрін алғаш жасап шығарғандарын айтты.

Бұған дейін ел президенті Владимир Путин ресейліктерге коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмекті таныстырған болатын. Ол жақын арада отандық дәрі-дәрмектер COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеу үшін ауруханаларда қолданылатынына сенім білдірді.