Ресейде Ан-12 ұшағы апатқа ұшырап тоғыз адам мерт болған

Ресейде  Ан-12 ұшағы апатқа ұшырап тоғыз адам мерт болған
inform.kz

Сәрсенбі күні Иркутск облысында апатқа ұшыраған Ан-12 ұшағының бортында тоғыз адам болған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Төтенше жағдайларды жою жөніндегі комиссия отырысында Төтенше жағдайлар министрлігінің облыс бойынша орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары Андрей Рябоволов мәлім еткен.

«Гродно әуе компаниясының өкілінен алынған нақтыланған ақпаратқа сәйкес, ұшақ бортында тоғыз адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі және жүкті алып жүретін төрт адам болған», - деді ол.

Бас кеңсе басшысының бірінші орынбасары алты адамның мәйіті табылып, сараптамаға жеткізілгенін атап өтті. Тоғыз адамның төртеуі - Ресей, үшеуі - Беларусь, екеуі Украина азаматы.