Ресей Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Тәуелсіздігі күнімен құттықтады

Ресей Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Тәуелсіздігі күнімен құттықтады
Сурет: Kapital.kz

Владимир Путин Қазақстан Президентін бүгінгі мерекемен құттықтады

Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық мейрам – Тәуелсіздік күнімен құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Ресей мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және басқа салалардағы жетістіктеріне жоғары бағасын беріп, сондай-ақ елдің әлемдік аренадағы жоғары абыройын атап өтті.

«Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келеді. Түрлі бағыттардағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ ЕурАзЭО, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ сияқты құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық жемісін беріп жатыр», - деп атап өтті құттықтауында Ресей президенті.

В.Путин екі ел халықтарының игілігі және еуразиялық құрлықтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесі үшін қазақстандық-ресейлік конструктивті байланысы одан әрі нығая түсетініне сенімін білдірді.