Ресей ғалымдары коронавирусқа қарсы жаңа препаратты сынақтан өткізіп жатыр

Ресей ғалымдары коронавирусқа қарсы жаңа препаратты сынақтан өткізіп жатыр
Cурет: Inform.kz

Жаңа препарат

Ресейдің Гамалея атындағы орталығы моноклонды антиденелер негізінде жасалған коронавирусқа қарсы препараттың клиникалық зерттеуін бастайды, ол шамамен үш жарым-төрт ай уақыт алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне Гамалея атындағы орталықтың директоры Александр Гинцбург мәлімдеді.

«Қазір клиникалық сынақтар басталды. Бірінші және екінші фазадан өту керек, ол шамамен үш жарым-төрт ай уақытты алады. Көктемнің екінші жартысында осы препаратты қолданып көреміз деп сенемін. Алайда бұл препараттың тиімді екені батыстағы баламаларынан-ақ белгілі», - деді ол.

Бұдан бұрын Гамалея атындағы орталықтың жетекші қызметкері, «Спутник V» вакцинасын өндірушілердің бірі Дмитрий Щебляков моноклонды антиденелер негізінде жасалған препараттың клиникаға дейінгі сынақ кезінде жоғары нәтиже көрсеткенін мәлімдеген.