Регби мен жағажай волейболының ойыншылары екпе салдырды

Регби мен жағажай волейболының ойыншылары екпе салдырды
Сурет: Kabar.kg

Бұл спортшылардың әрқайсының ерікті таңдауы болды.

ҚР регби бойынша ұлттық әйелдер құрамасының, сондай-ақ «Азия Спорт» регби клубы мен жағажай волейболынан ҚР құрамасының ойыншылары коронавирусқа қарсы неліктен екпе алғаны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Регби бойынша ҚР Ұлттық әйелдер құрамасының мүшесі Даяна Қазыбекова вакцинадан кейін өзін жақсы сезінгенін, келесі күні жаттығуға кіріскенін айтты. Оның командасында барлық спортшылар жаттықты, бұл әрқайсының ерікті таңдауы болды.

«Біз індет уақытында жалғыз жаттығудан шаршадық, өйткені регби – бұл командалық ойын. Біз жарысқа қатысып, жанкүйерлердің қолдауын көргіміз келеді. Мүмкін, біздің осы шешіміміз басқалар үшін үлгі болар. Бүгінде вакцина алу өте маңызды», - деді Даяна.

Онымен команданың тағы бір мүшесі, регби бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Диана Әбішева да келісетінін білдірді.

«Мен бірінші болып вакцина алдым. Менен кейін командадан тағы үш қыз екпе алды. Спортшылар жарыстарға қатысу үшін үнемі жолда жүреді, сондықтан бізге қаламыз бен республикамыздың өзге өңірлеріне барғанда алаңсыз жүру үшін вакцина алу маңызды», – дейді Диана.

Вакцина алған қала тұрғындарының арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Азия Спорт» регби клубының ойыншысы Сергей Денисюк та бар. Ол Вакцина ойлап табылып, екпе алатынын індеттің басында білді.

«Бұл мүмкіндік пайда болғаннан кейін мен екпе пунктіне барып, вакцина алдым. Осы уақыт ішінде сүйікті ісіммен айналыса алмадым. Спортшы үшін бұл қиын. Вакцинаны ойлап тапқандары жақсы болды. Бізге қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік берілді. Бұл - қарапайым өмірді бастаудың жалғыз жолы. Команда дәрігері Алматыда вакцина пайда болғанын айтты. Сондай-ақ, менің отбасым бар, балам өсіп келеді, сондықтан оларды қорғау - менің міндетім. Инъекция ешқандай асқынусыз өтті. Мен бәріне вакцина жасауға кеңес беремін», - дейді Сергей Денисюк.

Жағажай волейболынан ҚР құрамасының мүшесі Сергей Богату өткен жылды қинала еске алады. Коронавирустық індет көптен күткен бірқатар жарыстарды тоқтатты.

«Біз әдетте шетелде жылы елдерде жаттығамыз. Коронавирус бұған жол бермеді. Біз жабық залда болдық. Вакцинаның арқасында алғашқы жиындарға шығу мүмкіндігі пайда болды», - дейді Сергей Богату.

Бәрінен бұрын спортшы анасының денсаулығына алаңдайды. Себебі жасы ұлғайған жандардың инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары.

«Анамды қорғау үшін мен өзімді қорғадым. Менің ойымша, уақыт өте келе, біз вакцинаның қажет екенін түсінеміз. Айналамызда науқас адамдардың көп екенін көріп, вакцина алу маңызды», - деп жалғастырды жағажай волейболынан ҚР құрамасының ойыншысы.

Айта кетсек, Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарлар мен қаланың СОСО-да 208 вакцина пункті жұмыс істейді. Олардың санын 250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігі бар. 1256 адамнан 307 екпе бригадасы бар. Екпені күн сайын, демалыссыз алуға болады.