Референдум өтетін күні барлық автотұрақтар тегін болады

Референдум өтетін күні барлық автотұрақтар тегін болады

5 маусым республикалық референдум күні базарлардың жанындағы «Алан паркинг» ЖШС әкімшілік ететін қоршалған барлық алаңдарда орналасқан автотұрақтар тегін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Alan Parking» ЖШС және «Алматыспецтехпаркинг» ЖШС-не сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, Конституцияға өзгерістер енгізуге 18 жастан асқан барлық Қазақстан азаматы қатыса алады. 

Сайлау учаскелері Қазақстанның барлық елді мекендерінде және шетелдік 52 мемлекетте ұйымдастырылады. Ресми дауыс беру уақыты - жергілікті сағ. 07:00 мен 20:00 аралығы.