Референдум ашық әрі демократиялық үрдістердің сақталуымен өтті

Референдум ашық әрі демократиялық үрдістердің сақталуымен өтті
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы қалалық штабының мүшесі Алматы қаласы мәслихатының депутаты Болат Садықов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ата Заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдап, референдум ашық әрі демократиялық үрдістердің сақталуымен өтті.

Референдум қорытындысы талассыз әрі Қазақстан халқының әділ Президент, ықпалды Парламент пен есеп беретін Үкіметі бар мемлекетті басқараудың жаңа моделін құру бағытын қолдайтынын айғақтайды.

Біз үшін дамудың жалғыз ғана жолы бар. Ол – демократиялық жол. Тек демократиялық жүйеде ғана қоғамның әрбір мүшесі мемлекеттік саясатты қалыптастыруда тең құқыққа ие бола алады.

Енді біздің алдымызда ашық әрі әділетті қоғам мен экономиканы құрып, заңнамаға реформа жүргізу міндеті тұр.
Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, алғашқы берік тұғырын білдіреді. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырады.

Дәйекті саяси жаңғыру ұлттық экономиканы дамытуға, ұлттық кәсіпкерлікті нығайтуға ықпал етеді.

Қазақстанның дамуы мен бірлігін ойлаған Президентіміздің ел болашағы үшін алға қойған мақсаттарын жүзеге асырып, аянбай еңбек ететініне кәміл сенеміз. Біз Мемлекет Басшысының саяси бағдарын қолдап, Жаңа Қазақстанның берік негізін қалауға топтасып, бар күш-жігерімізді салуымыз қажет.

Демек, еліміз үшін, келешек ұрпақтың тағдыры үшін аянбай еңбек етіп, тер төккеннен артық бақыт жоқ.

AMANAT партиясы Президенттің саясатын жүзеге асыратын басты саяси күш болып табылады.