Qnet қаржы пирамидасының басшысы 6 жылға сотталды

Qnet қаржы пирамидасының басшысы 6 жылға сотталды
Сурет: ашық дереккөз

2019 жылдың 1 наурызы мен 2023 жылдың 17 наурызы аралығында Астана қаласы мен Ақмола облысының аумағында "Qnet" халықаралық компаниясы өнімдерінің интернет саудасы мұқабасымен Ж. қаржы пирамидасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Астана қалалық сотының ресми сайтына сілтеме жасап.

"Ж. қаржы (инвестициялық) пирамидасын құрды және басқарды (ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы), сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастырды (жылыстатты) деп айыпталды (ҚК 218-бабының 1-бөлігі)", - делінген қалалық соттың мәліметінде.

Әрі қарай, ол тауарды заңды түрде сатып алу мақсатында жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктерден, соның ішінде тауарлық несиелер алуға мәжбүрлеп, олардың ақшаларын заңсыз тартқан.

Соның ішінде Степногорск, Щучинск, Атбасар, Көкшетау қалаларында және Ақмола облысының Шортанды кентінде қаржы пирамидасын құрып, оларды басқарған және оның өкілдері болған. Бұл ретте, Қазақстан азаматтарына тиімді ақшалай салымдар туралы айтып, оларды жаппай тартқан.

Шындығында, төлемдер басқаларды тарту есебінен жүргізілді және төлемдер мөлшері салынған қаражат сомасының тек 10-15%-ын ғана құрады. Әрі қарай "QNET"-ке адамдарды тұрақты тартудың болмауына байланысты төлемдер түспеген.

Осылайша, төменде тұрған адамдар тұрақты негізде төлемдер алмаған, немесе жаңа тұлғаларды тарту арқылы аздап қана байытылған. Ал ол тіпті банк мекемелерінде пайызбен алынған инвестицияланған жеке қаражатты да өтемеген.

Оның қызметінің нәтижесі бойынша, 136 жәбірленушіге 145 миллион теңгеден астам мөлшерде мүліктік залал келтірілді.

Осы тұрғыда, сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.