«QazaqGaz «ҰК» мен «ҚазТрансОйл» басшылары өз еркімен жұмыстан кетті

«QazaqGaz «ҰК»  мен «ҚазТрансОйл»  басшылары өз еркімен жұмыстан кетті
Cурет: Zakon.kz

Шәріпбаевтың лауазымды өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

«QazaqGaz «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев пен «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма төрағасы Димаш Досанов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Досановтың өз еркімен берген өтінішіне сәйкес, 2022 жылғы 14 қаңтардан бастап оның "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды»,-делінген «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 14 қаңтарынан бастап Шәріпбаевтың лауазымды өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Кәсіпорын басшыларының өз еркімен жұмыстан босатуына өтініш білдіргендері атап өтіледі.