QAZAQ AIR қатып қалды

QAZAQ AIR қатып қалды
Almaty-akshamy.kz

12 желтоқсанда Астана-Ақтөбе бағыты бойынша QAZAQ AIR әуе компаниясының IQ 399 рейсі Астананың аязына байланысты ұша алмай қалды.

"Қозғалтқыштағы майдың тұтқырлығы жоғары болғандықтан, іске қосу турбинасы қажетті қарқын ала алмады, сондықтан қозғалтқыш іске қосылмады. Мұндай жағдайларда әуежай әмбебап мотор жылытқышын ұсынады. Астана әуежайында қажетті техниканың жетіспеуіне байланысты ұшақтың қозғалтқышын іске қосу үшін ұзақ уақыт қажет болды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз", - деп хабарлады әуе компаниясы.