Промоутер "Канелоның" кімнен қорқатынын айтты

Промоутер "Канелоның" кімнен қорқатынын айтты
Сурет: Ашық дереккөзі

Сауль Альварестің (58-2-2, 39 КО) бұрынғы промоутері, Golden Boy басшысы Оскар Де Ла Хойя "Канело" суперорта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Давид Бенавидеспен (26-0, 23 КО) кездесу өткізуге ешқашан келіспейтінін айтты. Себебі америкалық боксшы Альварс үшін тым қауіпті қарсылас, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
 
"Канело" Бенавидеспен ешқашан кездеспейді. Өйткені ол жас әрі талантты. Альварес одан қорқады", - деп келтіреді Де Ла Хойяның сөзін vRINGe.com порталы. 

Еске салайық, Альварес қазіргі уақытта екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы. Ол соңғы кездесуін өткен айда өткізіп, төрешілер шешімі бойынша Геннадий Головкиннен айласын асырды. 

Бенавидес болса кейінгі жекпе-жегін мамыр айында өткізіп, канадалық Давид Лемьені жеңді.