Президенттің баспасөз хатшысы журналист Козачковтың тұтқындалуына байланысты мәлімдеме жасады

Президенттің баспасөз хатшысы журналист Козачковтың тұтқындалуына байланысты мәлімдеме жасады
Сурет: Mgorod.kz

Бірқатар медиақоғамдастық өкілі үндеу жолдаған. 

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай журналист Михаил Козачковтың тұтқындалуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиақоғамдастық өкілі үндеу жолдады. Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тек құқық шеңберінде қаралуы тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті. Қазақстан азаматы ретінде журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуы тиіс», - деп жазды Руслан Желдібай.