Президенттік жастар кадрлық резерві: Іріктеуде өзгеріс бар

Президенттік жастар кадрлық резерві: Іріктеуде өзгеріс бар
Сурет: ашық дереккөз

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу қыркүйек-желтоқсан айларында өтеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Биылғы іріктеудің ерекшелігі – іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі. Ірітеу инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты; агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат; цифрландыру; әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам бағыттары бойынша жүргізіледі, -деп мәлімдеді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Үміткерлермен әңгімелесу салалық орталық органдардың қатысуымен өтеді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1) ҚР азаматтығы бар
2) 35 жастан аспаған
3) Жоғары білімі бар
4) 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар азаматтар
5) Қазақ тілін В1 деңгейінен төмен емес меңгерген азаматтар

Айта өткен жөн, бұған дейін іріктеу екі рет өткізілді. Президенттік жастар кадрлық резервіне 2019 жылы 300 адам, 2021 жылы 50 адам қабылданды. Қазір 350 азаматтың 75 % жұмысқа орналасты. Олар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді.