Президент: Қоғамдық келісім мекемелері қызметкерлерінің жалақысын көбейткен жөн

Президент: Қоғамдық келісім мекемелері қызметкерлерінің жалақысын көбейткен жөн
Сурет: Kapital.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық келісім мекемелері қызметкерлерінің жалақысын көбейту керектігін айтты, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайытна сілтеме жасап. 

«Екінші мәселе – жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігін арттыру. Біз былтыр әр өңірдің ішкі саясат басқармасынан жеке бөлім аштық. Осы бөлімдерге қолдау көрсетіп, жұмысын жандандыра түсу керек. Оған өз құзіретіне кірмейтін тапсырма берілмеуі қажет. Әркім өзіне жүктелген міндетті атқаруға тиіс. Қоғамдық келісім мекемесінің де қызметіне қатысты осы талапты ұстануға тиіспіз. Аталған ұжымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын көбейткен жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы этносаралық қатынас саласындағы өңірлік құрылымдарды мамандармен қамтамасыз етуге де баса назар аудару керектігін айтты.

«Бұл жұмыс, ең алдымен, ұлттық құрамы әртүрлі және белгілі бір этнос өкілдері тығыз қоныстанған аймақтарға қолға алу қажет», - деді ҚР Президенті.