Президент Ж.Шаштайұлының отбасына көңіл айтты

Президент Ж.Шаштайұлының отбасына көңіл айтты
Сурет: Akorda.kz

Бүгін белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмабай Шаштайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жұмабай Шаштайұлы қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, руханиятымыздың дамуына елеулі үлес қосты. Шығармалары кеңінен насихатталып, оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Оның есімі мен жарқын бейнесі, халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады» – деп жазылған жеделхатта.