Президент сайлауы - парламенттік республикаға айналудың жолы - сарапшы

Президент сайлауы - парламенттік республикаға айналудың жолы - сарапшы
Сурет: Aikyn.kz

Жолдауға арналған брифинг

Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар ел тұрғындарының өміріне оң әсер ететін болады. Мұндай пікірді «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры директорының орынбасары, Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Шибұтов білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Жолдауды талқылауға арналған брифингте Марат Шибұтов кезектен тыс Президент сайлауына қатысты өз ойын айтты.

«Біріншіден, сайлау әртүрлі мерзімде өтеді. Әртүрлі кезекті және кезектен тыс сайлау арасында уақыт аралығы бар. Екіншіден, Президенттің өз мандатын, яғни азаматтардың сенімін растауға деген ұмтылысы, ал үшіншіден, Президент президенттіктің бір мерзімін өткізуді ойластыруда. Бұл Президент лауазымының мағынасын түбегейлі өзгертеді және бұл бізді супер-президенттік республикадан қарапайым президенттік-парламенттік республикаға, мүмкін парламенттік республикаға айналдырудың жолы», - деп түсіндірді Марат Шибұтов.

Еске салайық, 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа Жолдауын жариялады.